2017ж.28.04. «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру жариялайды (төменгі лауазым)

Басты БАСҚАРМА ТУРАЛЫ Вакансиялар бойынша ақпарат 2017ж.28.04. «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру жариялайды (төменгі лауазым)

«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға

орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру (төменгі лауазым)

 

Жалпы конкурс қатысушыларына қойылатын ортақ біліктілік талаптар:

 

D-О-4*** санаты үшін: жоғары білімі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы                        13 желтоқсандағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес, жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

       min

          max

D-O-4***

83282,08

112430,81

                                                                                                                                        

*** Ескерту: «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-нің штат кестесінде бас маман лауазымы D-O-4*** санаты төменгі болып табылады.

 

«Павлодар облысының жер қатынастары  басқармасы» ММ, 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы 17-үй, каб. 316а, анықтама телефоны  8 (7182) 32-77-78, электронды адресі   uzo.pavlodar@mail.ru, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға  жалпы конкурс жариялайды:

  1. Төлемдерді талдау және жерге орналастыру бөлімінің бас  маманы, D-О-4*** санаты (лауазымның  индексі № 1-21-3-3), 1 бірілік.

  Функционалдық міндеттері: Салық салу базасын нақтылау есебімен жер теліміне төлемдерді уақытында және толық төлеу үшін, жер телімдерін сатып алу  немесе жал шарттарын уақытында жасау үшін, жер учаскелері үшін төлем мөлшерлемесінің және заңды базасының өзгеруі кезінде жал төлемдерін уақытында қайта есептеу, бюджетке талдау және болжау түсетін төлемдерді іске асыруды,  анықтама материалдарын жасауда бақылауды қамтамасыз ету. Ұйымдастырады, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапа Мониторингісін.  Жалға алу құқығын сату, жер учаскесін сатып алу - сату шарттарының орындалуына талдауды жүзеге асырады.Салық басқармасымен төлемдер және салыстыру жөнінде жиынтық есебін жүзеге асырады. Ірі кәсіпорындар саласында берешек және артық төленген сома жөнінде есеп жүргізу. Жер учаскесінің орналасу орнына байланысты 26 (уақытша өтеулі жер пайдалануда жасаған шарттары туралы), 27 (жаңадан уақытша өтеулі жер пайдалануға шартына отырғандар), 28 (уақытша өтелген жер телімін пайдалану шартын бұзу туралы)  үлгі бойынша қалалар мен аудандардың салық комитетіне есептерді тапсыру үшін бақылауды іске асыру. Меншікке жер учаскелерін сату, жал құқығын сату, уақытша жер пайдалану үшін болжанған төлемдер есебін әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім саласында: жерге орналастыру қызметі, кадастр, бағалау қызметтері, ауыл шаруашылығы ғылымдары-агрономия саласында, құқық саласында-құқықтану, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес-экономика, мемлекеттік жергілікті басқару саласында, техникалық ғылымдар және технология-геодезия саласында.

 Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.        

              Нормативтік-құқықтық актілерді білу бойынша талаптар:

              Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес.

            «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын,  осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көлемі 3х4 суретімен толтырылған анкета;
  3. білімі туралы құжаттардың көшірмесі, нотариалды куәландырылған;
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі, нотариалды куәландырылған;
  5. денсаулық жағдайы туралы анықтама, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген);
  6. жеке басын куәландыратын, Қазақстан Республикасының азаматының құжатының көшірмесі;
  7. заңнаманы білуіне тестілеуден өтуі туралы сертификат, құжат тапсыру кезінде әрекет ететін, шекті мәннен төмен емес нәтижелерімен (немесе сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі);
  8. уәкілетті органда жеке бас сапасын бағалаудан өткені туралы қорытынды, конкурсқа қатысуға құжат тапсыру кезінде әрекет ететін (немесе қорытындының нотариалды куәландырылған көшірмесі).

   Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға жол беріледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

   Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған болса және егер конкурс жарияланған бос лауазым бойынша еңбек өтілі қажет етілмейтін болса, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну қажет етілмейді. 

  Құжаттардың толық пакетін ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қарастырмауы үшін негіз болып табылады.

            Құжаттарды қабылдау конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі.      

 Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

 Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

             Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң 3 жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Павлодар облысының жер қатынастары                    басқармасы» ММ мекенжайында өтеді.

   Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы D-O-4*** санаты үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестілер.

Барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан             (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.

 Б» корпусының лауазымына  үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары  D-O-4  санатына  арналған  келесіні қамтиды: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер.

 Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

 Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

    Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

   Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда және ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

            Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешімі бойынша уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сондай-ақ оқыңыз
Мәзір
Жаңалықтар мұрағаты