Жер комиссиясы туралы үлгі ереже

Басты Басқарманың қызметі Жер ресурстары Жер комиссиясы туралы үлгі ереже

Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің орынбасары –

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2018  жылғы «27» тамыздағы 

№ 359 бұйрығымен бекітілген

 

 

Жер комиссиясы туралы үлгі ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Жер комиссиясы туралы үлгі ереже (бұдан әрі – Үлгі ереже) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
  2. Жер комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың аумағында құзыреті шегінде тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өзінің жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
  3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін  басшылыққа алады.

 

 

2-тарау. Комиссияның функциялары мен құқықтары

 

  1. Комиссияның функциялары жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындылар дайындау болып табылады.
  2. Комиссия өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан жер учаскесінің бары немесе жоғы туралы, жер учаскесіне ауыртпалық туралы, заңды тұлғалардың жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі бары немесе жоғы туралы, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің пайдаланылу режимі туралы мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.

 

 

 

3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

 

  1. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
          Комиссия құрамы Кодекстің 43-бабына сәйкес айқындалады.   
              8. Комиссия төрағасы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің жер мәселеріне жетекшілік ететін  орынбасары болып табылады.
  2. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы Үлгі ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
  3. Комиссия төрағасы:

1) отырысты шақырады;

2) Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

3) Комиссияның жұмысын жоспарлайды;

4) Комиссия отырыстарына төрағалық етеді.

  1. Комиссия мүшелері:

1) ұсынылған материалдармен танысады;

2) Комиссия отырысында қаралуы тиіс мәселелерді қарайды және тиісті шешім шығаруға қатысады;

3) отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттігін басқа адамға бермейді.

  1. Комиссия хатшысы:

1) Комиссия отырысының күн тәртібін жасайды;

2) Комиссия мүшелеріне Комисия отырысының өтетін күні мен орны туралы хабарлайды;

3) отырысты өткізуге қажетті материалдарды дайындауды жүзеге асырады, комиссия отырысының хаттамасын және комиссия отырысының қорытындысын ресімдейді;

4) Комиссия мүшесі болып табылмайды.

  1. 13. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары саласындағы тиісті уәкілетті органы Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып табылады.

Комиссия хатшысының міндеттері Жұмыс органының маманына жүктеледі.

  1. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өткізілетін күнін, уақыты мен орнын Комиссия төрағасы айқындайды.
  2. Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастыруды, Комиссия мүшелерін шақыруды, Комиссия қорытындыларының жобаларын және басқа да қажетті іс-шараларды Жұмыс орган қамтамасыз етеді.
  3. Комиссия отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Бұл ретте қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысу саны қатысып отырған жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын құруы тиіс. Жер комиссиясының мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
  4. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысушы жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен айқындалады және егер жер комиссиясы мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе шешім қабылданды деп саналады.
  5. Комиссия отырысы міндетті түрде аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазылады. Жер комиссиясының отырысын аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
  6. Комиссияның қорытындысы бес жұмыс күні ішінде Жұмыс органы сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстарды Комиссияға берген уақыттан бастап хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады.
  7. Комиссияның оң қорытындысының бір данасы бес жұмыс күні ішінде оның жерге орналастыру жобасын дайындауы үшін өтініш берушіге беріледі.

 

 

                             4-тарау. Қорытынды ережелер

 

  1. Жер комиссиясының хаттамалық шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

Сотқа арыз берілгенде Комиссияның хаттамалық шешімінің орындалуы тоқтатылады.

  1. Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету тиісті әкімнің аппаратына жүктеледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 21.09.2018

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне 17400 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан - Директор департамента Адиль Женисович Женисов, 18.09.2018 15:48:01, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан - Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан- Министр сельского хозяйства Республики Казахстан Умирзак Естаевич Шукеев, 18.09.2018 18:49:25, положительный результат проверки ЭЦП


Сондай-ақ оқыңыз
Мәзір
Жаңалықтар мұрағаты