Жер комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту туралы БҰЙРЫҒЫ

Басты Басқарманың қызметі Жер ресурстары Жер комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту туралы БҰЙРЫҒЫ

         Астана қаласы                                                                              город Астана                                                                                                              

 

Жер комиссиясы туралы

үлгі ережені бекіту туралы

 

 

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 14-бабы 1–тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Жер комиссиясы туралы үлгі ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заннамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

       

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы 

Премьер-Министрінің орынбасары –

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі                                            Ө. Шөкеев

                                                                 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 21.09.2018

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 17400 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан - Директор департамента Адиль Женисович Женисов, 18.09.2018 15:48:01, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан - Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан- Министр сельского хозяйства Республики Казахстан Умирзак Естаевич Шукеев, 18.09.2018 18:49:25, положительный результат проверки ЭЦП


Сондай-ақ оқыңыз
Мәзір
Жаңалықтар мұрағаты