2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру туралы облыстың жер қатынастары және инспекциясы басқармасының ақпараты

Басты Жемқорлыққа қарсы сұрақтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру туралы облыстың жер қатынастары және инспекциясы басқармасының ақпараты

 

2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

стратегияны іске асыру туралы облыстың жер қатынастары және инспекциясы басқармасының

ақпараты

 

          2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөнінде 2015-2017 жылдарға арналған Павлодар облсының іс шаралар жоспары және көлеңкелі экономикаға қарама-қайшы, сонымен қатар сыбайлас жомқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған Әлеуметтік-мәдени іс шаралардың кешендік жоспары негізінде Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы (бұдан әрі – басқарма) белгілі бір жұмыс жүргізді.

Басқарманың ақпараттандыру стендінде сыбайлас жемқорлықты анықтау фактілері және мемлекеттік қызметкерлердің әдепсіз тәртібі кездескен кезде азаматтардың іс әрекеті туралы ақпарат және байланыс телефоны орналастырылған. Басқармада 8 (7182) 32-90-78 "Сенім телефоны" жұмыс істейді.  ол бойынша басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын бұзу жағдайлары туралы келіп түскен қоңырауларды тіркеу жүргізіледі

Басқарманың бөлім басшылары Павлодар облысы әділет департаменті жанындағы мемлекеттік органдардың заңды қызметін Үйлестіру кеңесінің мүшесі облыстың кәсіпкерлік палатасында әкімшілік бөгеттерді төмендетуге және рұқсат ету процедураларын оңтайландыруға бағытталған ұсыныстар бойынша Жұмыс тобының мүшесі.

Басқармада тоқсан сайын жер қатынастары саласында ақпараттық жұмыстың Медиа-жоспары бекітілген, соған сәйкес БАҚ (облыстық газеттерде, радиода және теледидарда) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының өзгерістері мен толықтырулары, жер учаскелерін беру тәртібі, жер заңнамасын бұзғаны үшін жауакершілік және т.б. жөнінде түсініктемелер беріліп отырады.

         

 

 

 


Сондай-ақ оқыңыз
Мәзір
Жаңалықтар мұрағаты