Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар Павлодар облысы жер комиссиясы отырысының баспасөз-релизі

Павлодар облысы жер комиссиясы отырысының баспасөз-релизі

31 Шілде 2019 ж.

 Павлодар облысында 2019 жылы 31 шілдеде жер қатынастары басқармасының ресми интернет-ресурстарында орналастыра отырып және онлайн трансляция режимінде отырыс барысы аудио-, бейнежазба құралдарын қолдана отырып Павлодар облысы жер комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) отырысы өтті.

Комиссия отырысында қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік объектілерін орналастыру үшін жер пайдалану құқығын беру бойынша 2 мәселе қаралды: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Павлодар облысы Тереңкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» РММ және «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімі» РММ.

Қарау нәтижесі бойынша Комиссия ашық дауыс беру жолымен жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша бірауыздан оң шешім қабылдады.

 

 

 

Мәзір
Жаңалықтар мұрағаты