Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

27 Тамыз 2019 ж.

 

Конкурстың қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

D-О-3  санаттары үшін: жоғары білім, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы ««Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 85 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 98 бұйрығына сәйкес(озгертулермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 289 бұйрығы).

 

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

       1 ) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлықақы 

min

max

D-О-3

126 356

170 599

 

«Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» ММ, 140000 Павлодар облысы, Павлодар қ, Жеңіс алаңы, 5Б-үй, 807 кабениет, анықтама телефоны:  8(7182) 327778, электрондық адрес:  uzo.kense@pavlodar.gov.kz «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

  1. Төлемдерді талдау және жерге орналастыру бөлімінің басшысы,  D-О-3 санаты, 1 бірлік, 1-21-3-1 индексі 

            Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:

Жоғары білім: қызмет көрсету саласында – жерге орналастыру, кадастр, бағалау; ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында – агрономия; құқық саласында – құқықтану; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында – экономика, мемлекеттік жергілікті басқару; техникалық ғылымдар және технология саласында – геодезия.

Функционалдық міндеттері:

            Бөлім мамандарының жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді. Ақылы жер пайдалану принциптерінің іске асырылуымен жер нарығын қалыптастыруға байланысты ұйымдастыру-құқықтық мәселелерді шешуді қамтамасыз ету. Уақытша жер пайдаланушылар, жер учаскелерін меншікке сатып алу, жалға алу шарттарын уақытында жасау жөнінде мәліметтер базасын құруды қамтамасыз ету. Жер учаскелерін меншікке және жер пайдалану құқығын сату жөнінде сауда-саттықтарды (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Облыстық атқарушы органның құзыретіне енетін жер пайдалану объектілері бойынша жерге орналастыру материалдарын қарастырады және бекіту үшін басқарма бастығына ұсынады. Жерді пайдалану және қорғау мәселелеріне қатысты облыстық, қалалық және аудандық бағдарламалар жобасына сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді. Жерді аймақтарға бөлу жобасын дайындауды ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметті көрсетуде  сапалы мониторинг жөніндегі жұмысты үйлестіреді.  Басқарма басшыларының тапсырмасы бойынша өз құзыреті шегінде хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштерін қарайды.  

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  • «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  • тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттар ұсынылған күнге дейін отыз күнтізбелік күннен аспай куәландырылған қызмет ету тізімі.

  Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

       Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 5Б-үй,  807-кабинетте «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-да өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Тұлғамен, тиісті мемлекеттік органның басшысымен (жауапты хатшысымен) келісім бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшыларды қатыстыруға рұқсат етіледі. Сарапшылар ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкерлері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қағидаларының 91-тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Азаматтар конқурсқа қатысу шығындарын (әнгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттарды есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурстық комиссия шешiмi бойынша шағымдана алады.

                                                                                                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-қосымша

Нысан

 

 

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені___________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________

________________________________________________________________________________

________                                                       ____________________________________

 (қолы)                                                                         (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

Мәзір
Жаңалықтар мұрағаты