Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар ҚР Жер кодексінің жекелеген нормаларына мораторийдің аяқталуына байланысты мәселелер бойынша баспасөз-релизі

ҚР Жер кодексінің жекелеген нормаларына мораторийдің аяқталуына байланысты мәселелер бойынша баспасөз-релизі

Жаңалықтар
13 Қыркүйек 2019 ж.

 Мемлекет басшысы 2019 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында 2021 жылы мораторийдің аяқталуына байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуға және жалға беруге тыйым салу бойынша түпкілікті шешім қабылдау қажеттігі туралы мәселені қозғады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығымен жер заңнамасының жекелеген нормаларын қолдануға мораторий жарияланды, атап айтқанда "шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан астамын құрайтын заңды тұлғаларға беруге енгізілді және «мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығын жеке және заңды тұлғаларға беру».

         Мораторий 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін енгізілді.

         Сонымен қатар, Мемлекет басшысы шетелдіктерге жер сатылмайтынын анық айтты.

         Қолданыстағы жалға алушылардың құқықтары өзгеріссіз қалатынын атап өту қажет.  Олар жалдау шартының мерзімі аяқталғанға дейін жалдау құқығын сақтайды. Оларға атаулы сату жолымен аукциондар өткізбей сатып алудың басым құқығы беріледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалары уақытша жер пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін жер учаскесін не оның бір бөлігін жеке меншікке оның кадастрлық (бағалау) құнының елу пайызы мөлшерінде айқындалатын жеңілдікті бағамен он жылға дейін бөліп-бөліп төлеп сатып алуға құқылы.

         Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалары ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығына ие.

          Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуға және жалға беруге мораторийді алып тастау мәселесі жұртшылықтың пікірін ескере отырып шығарылатын болады.

 

 

Мәзір
Жаңалықтар мұрағаты