Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар Павлодар облысының суармалы егіншілігін дамыту туралы баспасөз – релизі

Павлодар облысының суармалы егіншілігін дамыту туралы баспасөз – релизі

Жаңалықтар
17 Қыркүйек 2019 ж.

         Президент агроөнеркәсіп кешенін дамытуда нақты іс-қимыл жоспарын белгіледі.

         Өңірде суаруды дамыту басым мәселе болып табылады.

         Ағымдағы жылдың басында Павлодар облысының суармалы жерлерінің жалпы ауданы 86,6 мың га құрады. 2019 жылдың өткен кезеңінде суармалы жерлердің көлемі суармалы алқаптарға ауыстыру есебінен 14,3 мың гектарға ұлғайды (жер учаскелерін Железин ауданында «Агро капитал» ЖШС 1167 га, Ақтоғай ауданында «Ақтоғай Агро» ЖШС 637,6 га).

Осылайша, бүгінгі күні облыс бойынша суармалы жер 100,9 мың га құрады, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге бекітілген 72,6 мың га, босалқы жерлер 26 мың га.

Анықтама үшін, 2018 жылы суармалы алқап түрлеріне ауыстыру есебінен суармалы жер 11,8 мың га артты.

        2022 жылға дейін кешенді жоспар әзірленді, оның шеңберінде суармалы жердің ауданы 145 мың гектарға дейін ұлғайтылады.

  Ағымдағы жылы суармалы жерлерді пайдалануға беру бойынша инвестициялық жобалар 6,5 мың га, оның ішінде 2,8 мың га жұмыс істеп тұр, оның ішінде: «КронАгро» ШҚ» ЖШС – 660 га, «Виктория» ШҚ – 215 га, «Иртышское» ОХ» ЖШС – 800 га, «Жаңа Қала» ЖШС-200 га, «Андас» ШҚ-420 га және т. б.

         Суармалы жерлерді ұлғайту мақсатында бізде 5 жоба бар, олар 15 млрд. теңгеге жуық 2018 жылы мемлекеттік сараптама бекіткен жалпы алаңы 17,5 мың га суармалы учаскелерді қайта жаңарту бойынша 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасына кіретін «Қазсушар» РМК теңгеріміне республикалық меншікке берілді.

         Олардың ішінде Ертіс-Успен каналын қалпына келтіру жобасы бар, оның бойында 10 мың га ең ірі алқап орналасқан.

         Бұдан басқа, мемлекеттік сараптамадан өткен қолда бар жобалық-сметалық құжаттамамен 14 мың га суаруға арналған дайын 10 жоба пулы бар. (аса ірі «Бескепе и К» ӘКК-6549 га, «Прииртышск Агро» ӘКК-2525 га, «Береговое» ӘКК - 2500 га, «Болашақ Агро» ЖШС - 732 га).

         Суару желілерін салу бойынша мемлекеттік қолдау шеңберінде жеңілдетілген кредит беру жағдайында жергілікті бюджеттен жалпы ауданы 9 мың гектардан астам 4 шаруашылық құжаттар тапсырды: Май ауданы - 1060 га «Достық-ПВ» ЖШС; Ақсу қ. а.а. – 7187 га, «Ақсутранслогистик» ЖШС - 1000 га және «АлмэксПроект» ЖШС - 6187 га; Екібастұз қ. а.а. – 900 га, фирма «Береке» ЖШС-900 га.

         Суармалы жерлерді ұлғайту есебінен өсімдік шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2,5 есеге артады.

         Жерлерді суландыру - біздің ауыл шаруашылығының болашағы.

 

 

 

Мәзір
Жаңалықтар мұрағаты