Жаңалықтар

Басты Жаңалықтар Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 қаңтардағы № 1 бірлескен қаулысына және Павлодар облыстық мәслихатының 2012 жылғы 14 қаңтардағы № 413/41 "Облыс орталығында, қалаларында, кенттерінде және ауылдық елді мекендерде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары туралы" Павлодар облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен Павлодар облыстық мәслихаты шешімінің жобасына өзгерістер енгізу туралы баспасөз-релизі

Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 қаңтардағы № 1 бірлескен қаулысына және Павлодар облыстық мәслихатының 2012 жылғы 14 қаңтардағы № 413/41 "Облыс орталығында, қалаларында, кенттерінде және ауылдық елді мекендерде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары туралы" Павлодар облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен Павлодар облыстық мәслихаты шешімінің жобасына өзгерістер енгізу туралы баспасөз-релизі

18 Ақпан 2020 ж.

            Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы Павлодар облысы әкімдігінің "Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 қаңтардағы № 1 бірлескен қаулысына және Павлодар облыстық мәслихатының 2012 жылғы 14 қаңтардағы "Облыс орталығында, қалаларда, кенттерде және ауылдық елді мекендерде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары туралы" № 413/41 шешіміне өзгерістер енгізу туралы " қаулысының жобасын (бұдан әрі-жоба) әзірледі.

            Жоба Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы "Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы" № 724 Жарлығына сәйкес әзірленді.

            Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік–экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

            Жоба "Ашық НҚА" порталында 2020 жылдың 17 ақпанынан бастап 2020 жылдың 2 наурызына дейін орналастырылды      https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=6329&type=2

 

 

Мәзір
Жаңалықтар мұрағаты