жазба

Басты Қоғамдық талқылау 2016 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» ММ есебі

2016 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» ММ есебі

01 Наурыз 2017 ж.

2016 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

«Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» ММ 

есебі

 

1. Жалпы ережелер

1)    Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» ММ           

Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 816 қаулысымен бекітілген толықтырулар және өзерістермен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 7 түрі көрсетіледі.

2)    Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

          «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» ММ 2016 жылы 3 мемлекеттік қызмет көрсетті.

          Қызметті берушілермен көрсетілген (Мемкорпорация арқылы көрсетілгендерден басқа) мемлекеттік қызметтердің саны қағаз түрінде- жоқ.

          Қағаз түрінде қызмет берушілермен көрсетілген (Мемкорпорация арқылы көрсетілгендерден басқа), бірақ «электрондық үкімет» және Мемкорпорацияның веб-порталы арқылы - жоқ.

          Мемкорпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны- жоқ.

электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны- 3.

3)    Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Барынша талап ететін қызметтер - «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту».

                  2. Көрсетілетін қызметі алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздерімен орындары туралы мәліметтер.

Тұрғындардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа кең кол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін барлық мемлекеттік мекемелерде көрінетін жерде стендтерде стандарттар мен регламенттер орналастырылған. Сондай-ақ басқарманың ресми сайтында «Халыққа қызмет» бөлімінде мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтерті көрсетуші мемлекеттік органдарың басшылармен мемлекеттік қызметтерді ұсыну мерзімдеріне бақылау жүргізіледі, жауапты адам белгіленген.Тоқсан сайын облыс әкімдігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және ішкі аудит бөліміне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жұмысы туралы есеп ұсынылады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

Орталық мемлекеттік органдардан стандарттар жобаларының түсуіне қарай жария талқылау үшін басқарманың ресми интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етіледі. 2016 жылы желтоқсанда «Ашық НҚА» сайтында мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерінің жобасы орналастырылды

3)      Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар,кездесулер, сұхбат және басқалар)

«Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қайта құрылуына байланысты  жоспарланған іс шаралар толық көлемде орындалмады. сонымен 2016 жылы шілде, қыркүйек айларында басқарманың өкілдері Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің департамент басшысы М.А. Өтешевтың төрағалығымен өткен жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметт процестерін реинжинирингілеу жөніндегі кеңеске қатысты.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін онтайлаңдыру және автоматтандыру нәтижелері

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін онтайлаңдыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсерін тигізеді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімі оңайлатылып, мерзімдер қысқартылуда.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

2016 жылы 14-16 қарашада басқарманың әкімшілік-қаржы жұмыс бөлімінің бас маманы Пшенбай Нұрлыбек Төлегенұлы Өскемен қаласында өткен «Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерін реинжинирингтеу туралы» тақырыбында өткен семинарға қатысты.

          4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

          1) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметі алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

          2016 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметі алушылардың тарапынан шағымдар түскен жоқ.

          2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының ішкі бақылауы нәтижелері.

          3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылаудың нәтижелері.

         

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тимділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қаңағаттануын арттыру.

2017 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына көрсетілетін қызметі алушылардың қанағаттануын арттыру бойынша жұмыс жалғастырылады, нақтырақ айтқанда мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін бұзуға жол бермеу, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы және электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету санын арттыру.

Электрондық түрде және мемкорпорация арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы тұрғындарды хабардар ету бойынша жұмыс тұрақты бақылауда тұрады.

 

Мәзір
Жаңалықтар мұрағаты